Шерзат ісі: Жәбірленушілер жаңа адвокаттармен жұмыс істейді

Кеше – бүгін – ертең!
364
Stan.kz/Видеодан скрин/instagram.com/aitym

Шерзат Полаттың ісі Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Жәбірленушілердің мүддесін бұрынғы қорғаушылар Саида Тәуекелева мен Айтбек Амангелдінің қатысуынсыз жаңа адвокаттар тобы қорғайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Mazdaq.kz хабарлайды.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жандос Палмановтың хабарлауынша, Шерзаттың өліміне қатысты іс материалдары Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген. 

“Қылмыстық іс айыптау актісі негізінде Алматы облысының прокуратурасы арқылы сотқа жіберілді. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге мәліметтер жариялауға жатпайды. Алайда жаңа қорғаушылар тобы қылмыстық процестік кодекстің 99-бабы негізінде прокуратурадан істің көшірмелерін сұратты”, – деді қорғаушы.

Сот іс материалдарының келіп түскенін растады. 

Сондай-ақ енді Шерзат Полаттың отбасының мүддесін адвокаттардан Мейірман Шекеев, Әлім Мұстафаев, Бекзат Миязов, Жандос Палманов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев және Дина Досаева қорғайды. Қорғаушылар тізімінде бұған дейін тергеу  сатыларына қатысқан Саида Тәуекелова жоқ.

Сот кеңсесінің мәліметінше, іс материалдары 26 наурызда келіп түскен. Қылмыстық іске тоғыз адамның қатысы бар:

  • Белгожаев Шыңғыс Айдосұлы;
  • Әскентай Дархан Баялханұлы;
  • Ильясов Нұрқияс Толетбекұлы;
  • Сакиев Равиль Магамедович;
  • Тоқтаубаев Нұрбол Маратбекұлы;
  • Қалиахмет Дидар Еркінұлы;
  • Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы;
  • Ысқақ Думан Қайдарұлы;
  • Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы.

Десе де бұған дейін Шерзаттың ісіне 11 адам қатысты деген ақпарат тараған еді. 

Сот жақындағанда Айтбек Амангелді мен Шерзат Полаттың отбасының арасында жанжал туды. 18 наурызда Салтанат Нүкенованың ағасы істі сотқа жіберу кезеңінде қаза болған жасөспірімнің туыстарымен түсініспей қалды.

Айтбек Амангелді Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовпен мессенджерде сөйлескен әңгімесін жариялады. Хабарламада Қаржаубай Айтбекке берген сенімхатын кері қайтаратынын айтып, өзін мазаламауын өтінген.

“Қаржау (Шерзат Полаттың әкесі) кешкісін бізге берген сенімхатты кері қайтаратынын және басқа адвокаттарды жалдайтынын жазды. Қаржаудың мінез-құлқын білетіндіктен, бірден жауап бермейміз деп шештік. Кеше бізге жаңадан бес адвокаттың іске қосылып жатқаны туралы хабарламалар түсе бастады. Отбасымен хабарласуға тырыстық, бірақ еш нәтиже болмады”, – деді Айтбек Амангелді. 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: елордада халықаралық кітап көрмесі өтуде

Елордада ҚР Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Халықа...
Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жасаған пародиясы желі оқырмандарына жақпай қалды, деп жазды janabastau.kz...
Кеше – бүгін – ертең!

350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты...
Кеше – бүгін – ертең!

Жемқорлықпен ұсталған Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылды

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры таратылды Mazdaq.kz - Қайырымдылық мақсатқа жиналған...
Кеше – бүгін – ертең!

Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған 19 жастағы қыз көз жұмды

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина ауруханада көз жұмды. Қар...
Кеше – бүгін – ертең!

14 жастағы қызды зорлаған мектеп оқушысы: сот үкім шығарды

Апелляциялық сот жас қызды зорлаған жігіттің сот шешімін қайта қарады, деп хабарлайды mazdaq.kz Еск...
Кеше – бүгін – ертең!

Қосылған құн салығы өссе, пойыз және ұшақ билеттері қымбаттай ма?

Қазір елімізде қосылған құн салығы шегін көтеру мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Жұртты алаңдататы...
Кеше – бүгін – ертең!

Алматыда орынсыз пранк жасаған жастар жазаға тартылды

Алматыда еңбек адамын сыйламаған азамат сотталды, - деп хабарлайды Mazdaq.kz Polisia.kz сайтына сілт...