«Бұл – дабыл қағарлық жайт»: экс-сенатор тарих оқулықтарының сапасына назар аударды

Кеше – бүгін – ертең!
337
ашық дереккөз

Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі қайта көтерілді. Бұл туралы экс-сенатор Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Экс-сенатордың пікірінше, оқу жылындағы басты мәселелердің бірі – мектеп оқулықтарындағы олқылықтарды жүйелі түрде жою. Әсіресе тарих пәні оқулықтарындағы қателердің маңызы бөлек, өйткені тарихи білім ұлттық сананың қалыптасуына тікелей әсер етеді.

«Ұлттық сана тарихи сана арқылы қалыптасады десек, қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасатыны анық», – деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы биылғы дәстүрлі Тамыз конференциясында тарих оқулықтарындағы мәселеге арнайы тоқталып, 700-ден астам қатені түзетуді тапсырған.

Дархан Қыдырәлі бұл мәселені бұған дейін де көтергенін еске салды. 2024 жылғы 11 қаңтарда Үкіметке жолдаған депутаттық сауалда тарих оқулықтарындағы қателерді түзетумен қатар, Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өту мәселесін ұсынған.

Сондай-ақ депутат қазақ мемлекеттілігінің тарихын оқулықтарда кеңірек әрі жүйелі қамту қажеттігін айтқан. Атап айтқанда, Жошының қазақ хандарының атасы ретіндегі тарихи орнына, Ұлық ұлыс – Алтын Орда тарихына, Моғолстанның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөліне және Қазақ хандығының құрылу тарихына көбірек көңіл бөлу керектігін алға тартқан.

«Моғолстан жерінде, Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі», – деп жазды сенатор.

Алайда 2024 жылы жолданған депутаттық сауалға Үкіметтен жауап келгенімен, ол жауаптың көңіл көншітпегенін атап өтті. Оның айтуынша, көтерілген мәселелердің бірқатары әлі де өзекті болып отыр.

Енді экс-сенатор оқулықтардағы қателерге қатысты бірқатар нақты сұрақ туындайтынын айтады: оқулықтардағы қателерге кім жауапты? Олар қандай бақылау кезеңдерінен өтіп барып баспаға жіберілген? Қателер қалай анықталды? Қашан және қандай тәртіппен түзетіледі?

Дархан Қыдырәлі осы оқу жылында тарих оқулықтарындағы анықталған олқылықтар толық жойылады деген үміт білдірді.

Мәселе тек оқулықтағы қате әріп немесе дұрыс жазылмаған тарихи датада емес. Тарихи оқулық - жас ұрпақтың өткен туралы түсінігін қалыптастыратын негізгі құралдардың бірі. Сондықтан оның мазмұнына қойылатын талап та жоғары болуы тиіс.

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті ел басшылығы «бейбітшілікке адалдығын&ra...
Кеше – бүгін – ертең!

80-нен астам құқықбұзушылық анықталды: Астанада азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

Астанада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды — сот

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz bi...
Кеше – бүгін – ертең!

Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты...
Кеше – бүгін – ертең!

Отбасылық жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі қандай? Астанада келелі жиын өтті

Елордалық Достық үйінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні»...
Кеше – бүгін – ертең!

Өскеменнің шеткі ауданынан әйелдің мәйіті табылды

Мәйіттен дене жарақаты  байқалған. Әзірше күдікті ұсталған жоқ.  ШҚО Полиция департаменті...
Кеше – бүгін – ертең!

Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан бір топ қолға түсті

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни а...
Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда Алисасы бар Яндекс теледидарлары – ТВ Станциясы мен ТВ Про Станциясы сатылымға шықты

ТВ станциялары мен ТВ Про станциялары пультсіз дауыспен басқарылатын және дүниежүзілік контентке кір...