Қостанайда күйеуін пышақтаған әйел 8 жылға сотталды

Кеше – бүгін – ертең!
336
Pixabay

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бейімбет Майлин ауданының Қызылжар ауылының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Әйел күйеуін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды Mazdaq.kz Sn.kz ақпарат порталына cілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 9 мамыр күні кешке ерлі-зайыпты үйдің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен. Араларында жанжал туындаған. Сот мәліметінше, ер адам мас күйінде әйеліне кінә артып, оны опасыздық жасады деп айыптаған.

10 мамыр күні шамамен сағат 00:30-да әйел асхана пышағын алып, күйеуінің кеуде тұсының сол жағына бір рет пышақ сұққан. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін ішінара мойындағанымен, адам өлтіруге ниеті болмағанын мәлімдеді.

Сот әйелді кінәлі деп танып, оны сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады. 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

«Жомарт» кенішіндегі қайғылы оқиға: қаза тапқандардың аты-жөндері жарияланды

Жомарт кенішінде қаза тапқан жеті кеншінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды mazdaq.kz ақпаратты...
Кеше – бүгін – ертең!

Қосылған құн салығы өссе, пойыз және ұшақ билеттері қымбаттай ма?

Қазір елімізде қосылған құн салығы шегін көтеру мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Жұртты алаңдататы...
Кеше – бүгін – ертең!

Атыраудағы қырғын: марқұмдардың туысы «екінші кілт» жайлы айтты

Мал сойып, қонақ күткен дейді марқұм Мақсот Қарабалиннің жиені. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынш...
Кеше – бүгін – ертең!

Байқоңыр ауданында тұрғын үйлерді жаңартудың екінші кезеңі басталды

Байқоңыр ауданын қайта жаңғырту, яғни реновация аясында ескі үйлерді күреп жаңа тұрғын үй қорын қалы...
Кеше – бүгін – ертең!

Мәселе - су тапшылығында. Үш адам құдыққа құлап қаза тапты

Алматы облысы Кеген ауданында үш адам құдыққа құлап қаза тапты.  Оқиға орнынан түсірілген...
Кеше – бүгін – ертең!

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі 12 жылға сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы Гү...
Кеше – бүгін – ертең!

Шерзаттың 62 томдық ісі: Даулы тергеу аяқталды

Mazdaq.kz - Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қ...
Кеше – бүгін – ертең!

Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты...