Байқоңыр ауданында тұрғын үйлерді жаңартудың екінші кезеңі басталды

Кеше – бүгін – ертең!
286

Байқоңыр ауданын қайта жаңғырту, яғни реновация аясында ескі үйлерді күреп жаңа тұрғын үй қорын қалыптастыру жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Бұл туралы  Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Алғашқы кезеңінде: жыл басынан бері Байқоңыр ауданы бойынша тозығы жеткен үйлерді сүру, ондағы тұрғындарды жаңа үйге көшіру аясында инвестор тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген болатын. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша бірқатар ірі құрылыс компаниямен келісімдер жасалған болатын.

Бүгінгі күні сол құрылыс компанияларымен реновация аясында үйлерді сүру басталды.

Мәселен, «BI-Group» компаниясымен тозығы жеткен үйлерді сүрумен бірге 4,3 га жер таңдап алынды. Қазіргі уақытта ескі үйлердің жарты бөлігі сатып алынды, орнына жаңа заманауи тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінгі күні аталған учаскелерде қоршаулар қою басталды, ал құрылыс-монтаждау жыл соңына жоспарланып отыр.

Әрі қарай «Мой дом», «GBG», «Orda invest», «Galamat» секілді тағы да басқа компаниялармен жұмыс жалғасатын болады.

Жалпы бағдарлама аясында бас жоспарға сәйкес Байқоңыр ауданы аумағында 865 жеке тұрғын үй сүріліп, орнына:
- ⁠96 көпқабатты тұрғын үй;
- ⁠3 мектеп, 10 балабақша,
- ⁠4 медицина орталығы, 5 шағын емхана;
- ⁠ 21 бизнес және кәсіпкерлік нысандары;
- ⁠3 қоғамдық кеңістік;
- ⁠5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 2 мәдениет нысанын жайластыру жоспарлауда.

Айта кетейік, реновация аясында аудан бойынша барлығы 290 гектар жер таңдап алынған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыстар басталған аумақ осы учаскенің 32 гектар аумағында жүргізіліп жатыр. 

Фото: Астана қаласы әкімдігі 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

«Азап шегуші» Шаталов «саяси тұтқын» ретінде мансабын жасауда

Әлеуметтік желілерде мәжілісмен Никита Шаталовты қорғау жөнінде науқан жүріп жатыр.  Ресейлік ж...
Кеше – бүгін – ертең!

Елордада «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің орталығында 23-27 сәуір күндері «Astan...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды — сот

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz bi...
Кеше – бүгін – ертең!

Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу салды

Mazdaq.kz — Еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы...
Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда Алисасы бар Яндекс теледидарлары – ТВ Станциясы мен ТВ Про Станциясы сатылымға шықты

ТВ станциялары мен ТВ Про станциялары пультсіз дауыспен басқарылатын және дүниежүзілік контентке кір...
Кеше – бүгін – ертең!

Нұрымбет Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі

Мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Нұрымбет Сақтағанов тағайындалд...
Кеше – бүгін – ертең!

Таза Қазақстан: астаналық еріктілер қарттарға жәрдемдесті

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар...
Кеше – бүгін – ертең!

Діни терминдерді қазақша айту керек - Бас мүфти

Mazdaq.kz – Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді...