Нұрымбет Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі

Кеше – бүгін – ертең!
248
gov

Мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды, - деп хабарлайды Mazdaq.kz. Ол 2023 жылдың 8 қыркүйегінен бүгінге дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы №172 орта мектепте оқытушы ретінде бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызмет, соның ішінде кеден органдарында жауапты басшылық қызметтерде болған.

2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімі басшысы, аталған министрдің кеңесшісі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі миграция комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

2012-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ұлан ауданының және Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың маусым айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі лауазымында еңбек етті.

2022 жылдың 24 маусымынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті ел басшылығы «бейбітшілікке адалдығын&ra...
Кеше – бүгін – ертең!

Діни терминдерді қазақша айту керек - Бас мүфти

Mazdaq.kz – Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді...
Кеше – бүгін – ертең!

Астананы ластағаны үшін 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Елордалық прокуратура 2025 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін қасақана жоюға және бүлдіруге қ...
Кеше – бүгін – ертең!

Қосылған құн салығы өссе, пойыз және ұшақ билеттері қымбаттай ма?

Қазір елімізде қосылған құн салығы шегін көтеру мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Жұртты алаңдататы...
Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар ма?

Mazdaq.kz — Еліміздің өңірлерінде мұғалім тапшылығы әлі де бар ма? Қай пәндер бойынша мұғалімд...
Кеше – бүгін – ертең!

Мәселе - су тапшылығында. Үш адам құдыққа құлап қаза тапты

Алматы облысы Кеген ауданында үш адам құдыққа құлап қаза тапты.  Оқиға орнынан түсірілген...
Кеше – бүгін – ертең!

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, бас штабтың жетекшісі Сұлтан Камалетдинов сенат брифингінде...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды — сот

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz bi...