Астананы ластағаны үшін 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Кеше – бүгін – ертең!
250
Gov.kz

Елордалық прокуратура 2025 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін қасақана жоюға және бүлдіруге қарсы күресті қорытындылады. Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атқарылған жұмыстар туралы қалалық Прокуратура басқармасының прокуроры Гүлмира Бекмұханова айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру аясында елордада Құқықтық бақылау мен қоғамдық тәртіпті күшейту бойынша нақты жұмыс жүріп жатыр. Өзекті мәселе – вандализм мен қоғамдық орындардың ластануына ерекше назар аударылады.
«Қоғамдық мүліктің бүлінуі, бұзақылық – мұның бәрі дереу және қатаң шаралар қабылдауды талап етеді», – деді Гүлмира Бекмұханова.

Ол 2023 жылғы 3 қаңтардан бастап, егер залал 200 АЕК-тен (738 мың теңге) аспаса, бөтеннің мүлкін қасақана жарамсыз немесе бүлдіргені үшін жазаны көздейтін ӘҚБтК-нің 147-1-бабы күшіне енгенін еске салды. Құқық бұзушыға әкімшілік қамауға алу немесе айыппұл салынуы мүмкін.

2025 жылдың I тоқсанында Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша 61 іс келіп түсті. Қарау қорытындысы бойынша 40 құқық бұзушы әкімшілік қамауға ұшырады, тағы 21 адамға жалпы сомасы 3 605 440 теңге айыппұл салынды. Бұл елордадағы вандализммен күресудің принципті тәсілін көрсетеді.

Гүлмира Бекмұханованың айтуынша, Астанада қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды жедел анықтау үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде қалада полицияның жедел басқару орталығына қосылған 35 600 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олардың арқасында күн сайын ондаған құқық бұзушылық, оның ішінде қоқыс тастау, түкіру, бұзақылық әрекеттер тіркеледі.

Қала прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы бұзушылықтар санының өсуін тіркейді. Аталған кезеңде қоғамдық орындардың ластанғаны үшін 5 151 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 36-сы – кәмелетке толмағандар.

«Егер кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жағдайы болмаса, міндет ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жүктеледі», – деп түсіндірді прокурор.

Прокуратура мен полиция әлеуметтік желілерге, БАҚ-қа және азаматтардың жарияланымдарына белсенді мониторинг жүргізуде. Вандализм және ұсақ бұзақылық туралы хабарламалар анықталған жағдайда тексерулер жүргізіледі, құқық бұзушыларға құқықтық баға беріледі. Мұндай жағдайлар медиа кеңістікте үнемі жарияланады.

Прокуратура елорда тұрғындарын заңнама нормаларын сақтауға және өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырады. Урбанизация, халықтың өсуі және қалалық инфрақұрылымның дамуы жағдайында тәртіпті сақтау қоғамның барлық қатысушыларының ортақ жауапкершілігі болып саналады.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

14 жастағы қызды зорлаған мектеп оқушысы: сот үкім шығарды

Апелляциялық сот жас қызды зорлаған жігіттің сот шешімін қайта қарады, деп хабарлайды mazdaq.kz Еск...
Кеше – бүгін – ертең!

Таза Қазақстан: астаналық еріктілер қарттарға жәрдемдесті

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар...
Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаев, Баян Алагөзова, Ерке Есмахан: салық төлемеген әнші-блогерлердің тізімі шықты

Борышкерлер тізімінде 2 миллиард 163 миллион теңге табыс тауып, салық төлемеген Бейбіт Әлібеков кө...
Кеше – бүгін – ертең!

Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жөндеуден өткен үш аула ашылды

Астананың Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кешенді жөндеуден өткен үш а...
Кеше – бүгін – ертең!

«Азап шегуші» Шаталов «саяси тұтқын» ретінде мансабын жасауда

Әлеуметтік желілерде мәжілісмен Никита Шаталовты қорғау жөнінде науқан жүріп жатыр.  Ресейлік ж...
Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар ма?

Mazdaq.kz — Еліміздің өңірлерінде мұғалім тапшылығы әлі де бар ма? Қай пәндер бойынша мұғалімд...
Кеше – бүгін – ертең!

Діни терминдерді қазақша айту керек - Бас мүфти

Mazdaq.kz – Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді...
Кеше – бүгін – ертең!

Өскеменнің шеткі ауданынан әйелдің мәйіті табылды

Мәйіттен дене жарақаты  байқалған. Әзірше күдікті ұсталған жоқ.  ШҚО Полиция департаменті...