Мәселе - су тапшылығында. Үш адам құдыққа құлап қаза тапты

Кеше – бүгін – ертең!
436
sb.by

Алматы облысы Кеген ауданында үш адам құдыққа құлап қаза тапты.  Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растап отыр. 

Белгілі болғандай, қайтыс болған үш адамның екеуі - әкесі мен ұлы. Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат берген марқұмдардың туысының сөзінше, қайғылы жағдайға себеп болған ауылдағы су тапшылығы мәселесі. Бейнежазбада адамдардың мәйіті табылған құдық көрсетіледі және қайтыс болғандардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар екені айтылады.

«Кегенде сумен проблема бұрыннан бар. Су болмай қалған кезде тұрғындар құдықты өздері ашып, су алудың амалын жасайды. Бұл жолы да сол сумен проблема болып, құдықты ашқан көрінеді. Бірақ олардың қалай түсіп кеткенін ешкім білмейді. Кеш батып, жақындары іздей бастаған кезде, құдықтың ашық тұрғанын көрген. Оларды тапқан кезде құдықтың іші суға толып, аяқ киімдері қалқып жүрген», - дейді Мақпал Шадан есімді ауыл тұрғыны.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

«Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.     

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

14 жастағы қызды зорлаған мектеп оқушысы: сот үкім шығарды

Апелляциялық сот жас қызды зорлаған жігіттің сот шешімін қайта қарады, деп хабарлайды mazdaq.kz Еск...
Кеше – бүгін – ертең!

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі 12 жылға сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы Гү...
Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жасаған пародиясы желі оқырмандарына жақпай қалды, деп жазды janabastau.kz...
Кеше – бүгін – ертең!

"Кінәні басқа біреу өз мойнына алған": Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені туралы айтты

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді анасының "Бишімбаев бала өлтірді" деген сөзіне қа...
Кеше – бүгін – ертең!

Діни терминдерді қазақша айту керек - Бас мүфти

Mazdaq.kz – Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді...
Кеше – бүгін – ертең!

«Азап шегуші» Шаталов «саяси тұтқын» ретінде мансабын жасауда

Әлеуметтік желілерде мәжілісмен Никита Шаталовты қорғау жөнінде науқан жүріп жатыр.  Ресейлік ж...
Кеше – бүгін – ертең!

Таза Қазақстан: астаналық еріктілер қарттарға жәрдемдесті

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар...
Кеше – бүгін – ертең!

Қымбат көлік, зәулім үйлер сатып алған. 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қайырымд...