"Кінәні басқа біреу өз мойнына алған": Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені туралы айтты

Кеше – бүгін – ертең!
312

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді анасының "Бишімбаев бала өлтірді" деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бұл туралы  Айтбек Амангелді Timur Balymbetov-ке берген сұхбатында айтқан.

Журналист марқұмның ағасынан сот барысында анасының "Бишімбаев бала өлтірген" деген сөздеріне қатысты ақпарат сұрады.

"Жаяу жүргіншілер жолында бала қағып кеткен. Біз 8-9 қараша күндері Салтанаттың өліміне қатысты куәгерлерді іздеп, халықтан көмек сұрадық. Осы кезде бізге бұған дейін болған ескі оқиғалар туралы да айтқан кісілер болды. Солардың ішінде бір әйел болды, онымен біз бетпе-бет кездестік, сол жерде айтты. Қателеспесем қараша айында еді, көзілдірік таққан, шарфқа оранған әйел болды", – дейді Айтбек Амангелді.

Марқұмның ағасының айтуынша, осы кездесуден кейін ол әйелді таппай қалған. Әйелдің өзін таныстырған кездегі есімінің де жалған болуы мүмкін екенін айтады. 

"Мен алғашында бұл ақпаратқа сыни көзбен қарадым. Бірақ ол өте көп ақпаратпен бөлісті және оның берген ақпараттары ресми деректермен сәйкес келіп отырды. Барлығын нақты деректермен аты-жөндерін, туған жылдарын берді. Ол сол кезде қылмысты өз мойнына алған екінші адамның аты-жөнін берді. Ресми деректерге сүйенсек, сол адам 3 ай уақытша тергеу изоляторында отырған. Сосын тараптардың татуласуымен іс жабылып кеткен", – дейді марқұмның ағасы. 

Айтбек кездескен әйелдің мәліметінше, аталмыш жол апатында рөлде Бишімбаев отырған және мас күйінде болған екен. Алайда жаныдағы екінші адам кінәні өз мойнына алған. 

"Осы оқиғадан кейін қылмысты мойнына алған адамның әкесінің кәсібі үлкейе түскен, ал өзі тергеу изоляторынан шыққан соң әскерге барып келген. Әскерден кейін ол да Байтерек компаниясы секілді жерлерде лауазымды қызметтер атқарған. Ал Бишімбаевтың өзі осы оқиғадан кейін Америкаға оқуға кетіп қалған", – дейді Айтбек Амангелді. 

Айтбек Амангелді осы ақпараттарды бөліскен әйелдің бұрын Бишімбаевтың отбасында жұмыс істеген болуы мүмкін екенін айтады. 

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Қымбат көлік, зәулім үйлер сатып алған. 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қайырымд...
Кеше – бүгін – ертең!

Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан бір топ қолға түсті

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни а...
Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар ма?

Mazdaq.kz — Еліміздің өңірлерінде мұғалім тапшылығы әлі де бар ма? Қай пәндер бойынша мұғалімд...
Кеше – бүгін – ертең!

Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу салды

Mazdaq.kz — Еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы...
Саясат

«Айка тізімі»: эскорт қыздардың клиенттері жазалана ма

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізіміне» қатысты атышулы і...
Әлеумет

Зейнетақы жинақтарымен ипотеканы өтеу: Өтінім қабылдау тоқтатылады

Қазақстанда зейнетақы жинақтары есебінен ипотеканы өтеуге қатысты жаңа шектеу енгізіледі. Отбасы бан...
Кеше – бүгін – ертең!

Алматыда орынсыз пранк жасаған жастар жазаға тартылды

Алматыда еңбек адамын сыйламаған азамат сотталды, - деп хабарлайды Mazdaq.kz Polisia.kz сайтына сілт...
Кеше – бүгін – ертең!

«4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды

Желіде Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиз Рамазанқызының үйленуге ұсыныс алғаны туралы ақпар тарады. О...