«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: елордада халықаралық кітап көрмесі өтуде

Кеше – бүгін – ертең!
168
Ашық дереккөз

Елордада ҚР Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысып жатыр.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Qazaq Creative» Креативті индустрияларды дамыту қорының қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026» көрмесіне 80-нен астам кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компаниялар қатысады. Оның тең жартысы – қазақстандық ұйымдар. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен көптеген ұйым қатысқалы отыр.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, автормен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі.

Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол» поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Ұлттық кітап күні мерекесіне орай 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді.

Айта кетейік, 22-26 сәуір аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті ел басшылығы «бейбітшілікке адалдығын&ra...
Кеше – бүгін – ертең!

Атыраудағы қырғын: марқұмдардың туысы «екінші кілт» жайлы айтты

Мал сойып, қонақ күткен дейді марқұм Мақсот Қарабалиннің жиені. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынш...
Кеше – бүгін – ертең!

Автобус апатында 2 аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі – Жеңіс Қасымбек

Елордада автобустың жол апатына түсуі салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына әкімдік тарап...
Кеше – бүгін – ертең!

Таза Қазақстан: астаналық еріктілер қарттарға жәрдемдесті

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар...
Кеше – бүгін – ертең!

Мәселе - су тапшылығында. Үш адам құдыққа құлап қаза тапты

Алматы облысы Кеген ауданында үш адам құдыққа құлап қаза тапты.  Оқиға орнынан түсірілген...
Кеше – бүгін – ертең!

Атырау мен Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Qazaq.t...
Кеше – бүгін – ертең!

«Азап шегуші» Шаталов «саяси тұтқын» ретінде мансабын жасауда

Әлеуметтік желілерде мәжілісмен Никита Шаталовты қорғау жөнінде науқан жүріп жатыр.  Ресейлік ж...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды — сот

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz bi...