Қымбат көлік, зәулім үйлер сатып алған. 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталды

Кеше – бүгін – ертең!
342
instagram.com/01pk

Еріктілер қозғалысының белсендісі және «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

«Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге „Mercedes-Benz S450“, 80 млн теңгеге „Lexus LX-600“ және 39 млн теңгеге „Haval“ автокөліктерін сатып алды. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы „Akbulak Riviera“, „Highvill Ishim Gold“, „Көк Жайлау“ ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ „Vela Village“ коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы „St. Regis“, „Shangri-La“, „Palazzo Versace“ және „Kempinski“ сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол „Cartier“ және „Louis Vuitton“ сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған», — делінген агенттік хабарламасында.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған. Күдікті ұсталды.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда Алисасы бар Яндекс теледидарлары – ТВ Станциясы мен ТВ Про Станциясы сатылымға шықты

ТВ станциялары мен ТВ Про станциялары пультсіз дауыспен басқарылатын және дүниежүзілік контентке кір...
Кеше – бүгін – ертең!

Елорданың коммуналдық қызметтері «Таза Қазақстан» акциясына жаппай қатысты

Елордада «Астана Тазалық» компаниясының бастамасымен, қалалық кәсіптік-техникалық коллед...
Кеше – бүгін – ертең!

Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу салды

Mazdaq.kz — Еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы...
Кеше – бүгін – ертең!

Ораза-2025: пітір садақа мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда баста...
Кеше – бүгін – ертең!

Астана тұрғыны Есілге батып қаза тапты

Астаналық құтқарушылар суға батқан ер адамның денесін тапты. Бұл ақпаратты қалалық Төтенше жағдайлар...
Кеше – бүгін – ертең!

Қосылған құн салығы өссе, пойыз және ұшақ билеттері қымбаттай ма?

Қазір елімізде қосылған құн салығы шегін көтеру мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Жұртты алаңдататы...
Кеше – бүгін – ертең!

Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жөндеуден өткен үш аула ашылды

Астананың Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кешенді жөндеуден өткен үш а...
Кеше – бүгін – ертең!

Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті ел басшылығы «бейбітшілікке адалдығын&ra...