Жемқорлықпен ұсталған Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылды

Кеше – бүгін – ертең!
192
Perizat Kairat/ 01pk/ instagram

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры таратылды

Mazdaq.kz - Қайырымдылық мақсатқа жиналған қаражатты қара басының қамына жұмсады деп айыпталған Перизат Қайрат жетекшілік ететін «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры таратылатын болды.

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте айтылған. 

- Қайрат Перизат жетекшісі болған «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық қорын 2021 жылдың 11 қазанында Астана қаласының әділет департаменті тіркеген. 
14 ақпада Астана қаласындағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына жоғарыда аталған бірлестікті тіркеу құжаттарының күшін жойып, мәжбүрлі түрде тарату туралы талап арыз түсті. Сотқа талап арыз түсіруге Қаржылық мониторинг агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркеу процедурасының күшін жою туралы бастамасы негіз болды. Ол бастама бірлестікті құру кезінде заңнаманың бұзылуы және ол заң бұзу фактілерін жою мүмкін еместігімен, яғни, заңды тұлғаны сот шешімімен таратуға негіз болатынымен байланысты, - деп жазылған Әділет министрлігінің түсіндірмесінде. 

Өткен аптада Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың мәліметтер пайда болған еді. 

Оған дейін Перизат Қайраттың ісі 100 томнан асқаны айтылған болатын.

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу салды

Mazdaq.kz — Еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы...
Кеше – бүгін – ертең!

«Жомарт» кенішіндегі қайғылы оқиға: қаза тапқандардың аты-жөндері жарияланды

Жомарт кенішінде қаза тапқан жеті кеншінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды mazdaq.kz ақпаратты...
Кеше – бүгін – ертең!

Таза Қазақстан: астаналық еріктілер қарттарға жәрдемдесті

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар...
Кеше – бүгін – ертең!

Шерзаттың 62 томдық ісі: Даулы тергеу аяқталды

Mazdaq.kz - Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қ...
Кеше – бүгін – ертең!

Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты...
Кеше – бүгін – ертең!

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: елордада халықаралық кітап көрмесі өтуде

Елордада ҚР Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Халықа...
Кеше – бүгін – ертең!

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі 12 жылға сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы Гү...
Кеше – бүгін – ертең!

Ораза-2025: пітір садақа мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда баста...