Алматыда орынсыз пранк жасаған жастар жазаға тартылды

Кеше – бүгін – ертең!
319
видеодан скрин

Алматыда еңбек адамын сыйламаған азамат сотталды, - деп хабарлайды Mazdaq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде жас жігіт пен қыздың қоқыс тастап, тазалықшы әйелді дөрекі түрде балағаттап жатқан бейне тарады. Олар өз әрекеттерін келеке-мазақпен сүйемелдеп, бейненің соңында мұның "пранк" екенін айтып, кешірім сұрап, жәбірленушіге ақша береді. Жарияланым қалың жұртшылықтың наразылығын тудырды. Пайдаланушылар мұндай контентке наразылығын білдіріп, жұмысшыларды қорлауға жол берілмейтінін атап өтті. Полиция дереу жауап берді: қатысушылардың жеке басы анықталды, материалдар сотқа берілді. Іс қаралған соң, жастар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. - Еңбек адамын құрметтемеу, әсіресе демонстрациялық және қорлау түрінде орын алуы мүмкін емес. "Пранк" жауапкершіліктен босатпайды. Заң бәріне бірдей. Белсенді ұстанымдары үшін алаңдаушылық білдірген азаматтарға алғыс айтамыз. Бұл оқиға әдептілік шегінен шығуға дайын жандарға сабақ болады деп сенеміз, - деді Алматы қалалық полиция департаментінде.

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар ма?

Mazdaq.kz — Еліміздің өңірлерінде мұғалім тапшылығы әлі де бар ма? Қай пәндер бойынша мұғалімд...
Кеше – бүгін – ертең!

Қымбат көлік, зәулім үйлер сатып алған. 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қайырымд...
Кеше – бүгін – ертең!

Шерзат ісі: Жәбірленушілер жаңа адвокаттармен жұмыс істейді

Шерзат Полаттың ісі Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Жәбірленушілерд...
Кеше – бүгін – ертең!

Атыраудағы қырғын: марқұмдардың туысы «екінші кілт» жайлы айтты

Мал сойып, қонақ күткен дейді марқұм Мақсот Қарабалиннің жиені. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынш...
Кеше – бүгін – ертең!

Ораза-2025: пітір садақа мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда баста...
Кеше – бүгін – ертең!

Астананы ластағаны үшін 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Елордалық прокуратура 2025 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін қасақана жоюға және бүлдіруге қ...
Кеше – бүгін – ертең!

«5 бала туғым келеді»: Сұлу спортшы Сәбина Алтынбекова жоспарын айтты

Қазақстандық волейболшы, қазіргі таңда индонезиялық «Yogya Falcons» командасының ойыншыс...
Кеше – бүгін – ертең!

Астана тұрғыны Есілге батып қаза тапты

Астаналық құтқарушылар суға батқан ер адамның денесін тапты. Бұл ақпаратты қалалық Төтенше жағдайлар...