«Өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты»: Қайрат Нұртастың жұбайы қуанышты хабарын жариялады

Кеше – бүгін – ертең!
174
YouTube/DINARA SATZHAN/Видеодан скрин

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі, белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова баспанасына қатысты қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде осы қиындық өзіне үлкен қиындық тудырғанын айтып, өмірлік сабақ болғанын жеткізді.

«Жақсы жаңалық. Ең алдымен алғыстан бастағым келеді. Өздеріңізге белгілі сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты.

Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды. Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. «Не көмек» деп көз үшін суық қана смс жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті», - деп жазды актриса.

Ол сөзін жалғай отырып, көмек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс білдірді.

«Мемлекеттік құзырлы органдарының табалдырығын тоздырғаным да рас. Заң саласында біраз білімім артты десем артық болмас. Енді адвокатсыз қол қоймайтын темірдей тәртіп енді.

ҚР Бас прокуратурасның Азаматтарды қабылдау бөлімінің басшысы Сәкен Сержанұлына, Астана қалалық прокуратурасының Бақылау бөлімінің басшысы Тұрысбеков Нұржан Дүйсенбайұлына, адвокат Бектеміров Жанарбек Әубәкірұлына алғыс білдіремін.

Енді бұл тақырыпқа қайта оралғым келмейді», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар ма?

Mazdaq.kz — Еліміздің өңірлерінде мұғалім тапшылығы әлі де бар ма? Қай пәндер бойынша мұғалімд...
Кеше – бүгін – ертең!

«Бұл – дабыл қағарлық жайт»: экс-сенатор тарих оқулықтарының сапасына назар аударды

Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі қайта көтерілді. Бұл ту...
Кеше – бүгін – ертең!

Отбасылық жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі қандай? Астанада келелі жиын өтті

Елордалық Достық үйінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні»...
Кеше – бүгін – ертең!

"Кінәні басқа біреу өз мойнына алған": Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені туралы айтты

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді анасының "Бишімбаев бала өлтірді" деген сөзіне қа...
Кеше – бүгін – ертең!

Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты...
Кеше – бүгін – ертең!

Астананы ластағаны үшін 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Елордалық прокуратура 2025 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін қасақана жоюға және бүлдіруге қ...
Кеше – бүгін – ертең!

Астана тұрғыны Есілге батып қаза тапты

Астаналық құтқарушылар суға батқан ер адамның денесін тапты. Бұл ақпаратты қалалық Төтенше жағдайлар...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайрат мүгедек балаларды оңалтуға жиналған қаражатты да жымқырыпты

Қайырымдылыққа жиналған қомақты қаржыны ұрлады деген айыппен қамалған «BizBirgemiz Qazaqstan&r...