Бразилиядағы су тасқынынан 46 адам қаза болды

Жаһан және Қазақстан
102
Анадолы

Бразилияда 23 ақпаннан бері жауып жатқан нөсер жауын салдарынан туындаған су тасқыны құрбандарының саны 46-ға жетті, деп хабарлайды Анадолы.

Минас-Жерайс штатының өртке қарсы қызметі хабарлағандай, Жуис-ди-Фора және Уба қалаларын жайлаған су тасқынынан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Ресми мәлімдемеде мерт болғадар саны 46-ға жеткені, ал 21 адамның із-түзсіз жоғалғаны айтылған.

Жергілікті билік апаттан ең көп зардап шеккен Жуис-ди-Фора қаласында 3 600 тұрғынның қауіптің жоғары болуына байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, нөсер жаңбыр әлі де жалғасады. Осыған байланысты билік халықты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.

Штат губернаторы Ромеу Зема жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті жедел жеткізу басты міндет екенін айтты. Сондай-ақ ол өңірді қалпына келтіру ісінде орталық билікпен тығыз ынтымақтастыққа дайын.

Өз кезегінде Луис Инасиу Лула да Силва әкімшілігі баспанасыз қалған азаматтарға арналған жаңа көмек пакеті муниципалитеттерге жіберілетінін мәлімдеді.

Осыған дейін Бразилиядағы нөсер жауын салдарынан мерт болғандар саны 30-ға жеткені туралы жаздық.

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Саясат

Әлия Назарбаеваға тиесілі зауыт сатылды

Қарағандыда бұрын Әлия Назарбаеваға тиесілі болған қоқыс өңдейтін зауыт 1,5 миллиард теңгеге сатылға...
Кеше – бүгін – ертең!

350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты...
Кеше – бүгін – ертең!

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады. Осы мәселеге қатысты Мәжіліс заң жобасын бірінші о...
Жаһан және Қазақстан

Полицейлерге сағыз шайнауға тыйым салынады

Франция ІІМ басшысы Олимпиада ойындары кезінде полицейлерге сағыз шайнауға тыйым салды Сондай-ақ қы...
Саясат

Түркі елдерінің алғашқы бірлескен қаржы қоры құрылды

Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше басқарушы елдер кеңесінің (ТИҚ) алғашқы ұлықтау отырысы ө...
Жаһан және Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылармен жасанды интеллекті дамыту мәселесін талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында сарапшылармен жасан...
Жаһан және Қазақстан

Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді. Атырау облысының жедел...
Жаһан және Қазақстан

Алтын бағасы күрт қымбаттады

Алтын мен күміс бағасы рекордтық деңгейге жетті. Гренландияға байланысты шиеленістің өршуінен инвест...