Алтын бағасы күрт қымбаттады

Жаһан және Қазақстан
573

Алтын мен күміс бағасы рекордтық деңгейге жетті. Гренландияға байланысты шиеленістің өршуінен инвесторлар арасында бұл металдарға сұраныс өскен.

19 қаңтар күні Азия қор биржаларында тұрақсыздық жағдайындағы негізгі актив саналатын алтынның бағасы 4690,59 долларға дейін жетті, ал күміс 94,12 доллар болды.

Бұдан басқа ықтимал сауда соғысының басталуына байланысты алаңдаушылық күшейгендіктен, дүние жүзіндегі көптеген қор нарықтары құлдырады. Мәселен, Жапонияның Nikkei индексі 1,4 пайызға төмендесе, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы акцияларды қамтитын MSCI индексі 0,3 пайызға азайды. Доллардың иена мен швейцар франкіне қатысты бағамы түсіп, еуро мен фунт стерлинг нығайды. Мұнай бағасы өзгеріссіз қалды.

Дональд Трамп 1 ақпаннан бастап Германия, Дания, Ұлыбритания, Нидерланд, Норвегия, Финляндия, Франция және Швециядан АҚШ-қа жөнелтілетін тауарларға 10 пайыздық тариф енгізетінін айтты. Ақ үй басшысының сөзінше, 1 маусымнан бастап баж салығы 25 пайызға дейін көтеріледі. Трамп тиісті алымдар Гренландияны сатып алуға қатысты келісімге қол жеткізілгенге дейін алынатынын ескертті. 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Жаһан және Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылармен жасанды интеллекті дамыту мәселесін талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында сарапшылармен жасан...
Жаһан және Қазақстан

Путин шетел асқан ресейліктердің мүлкін тұтқындау туралы заңға қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин елден кеткен азаматтардың мүлкін мемлекет мүдделеріне қарсы бағыттал...
Әлеумет

Жыл басынан бері 203,7 млрд теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметт...
Жаһан және Қазақстан

Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді. Атырау облысының жедел...
Саясат

Әлия Назарбаеваға тиесілі зауыт сатылды

Қарағандыда бұрын Әлия Назарбаеваға тиесілі болған қоқыс өңдейтін зауыт 1,5 миллиард теңгеге сатылға...
Саясат

Түркі елдерінің алғашқы бірлескен қаржы қоры құрылды

Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше басқарушы елдер кеңесінің (ТИҚ) алғашқы ұлықтау отырысы ө...
Экономика

Елордада тағы бір тұрғын алап табиғи газға қосылды

Бүгін Астанадағы «Тельман» тұрғын алабының жұртшылығы үшін қуанышты күн — аумақ та...
Жаһан және Қазақстан

Бразилиядағы су тасқынынан 46 адам қаза болды

Бразилияда 23 ақпаннан бері жауып жатқан нөсер жауын салдарынан туындаған су тасқыны құрбандарының с...