Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Жаһан және Қазақстан
555

Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, соған байланысты Махамбет ауданының орталығы – Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жолды жабуға тура келген.


«Жайық өзенімен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғаған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Махамбет ауданының әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады. Алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмай тұр», - деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні жоспарланып отыр.

«Су тасқынымен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды. Бірақ аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Сарытоғай елді мекенін Махамбет ауылына қатынаушылар «Сейтек» шәйханасы жанындағы айналма жолмен жүруіне болады», - деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.

Оқи отырыңыз

Адал қоғам – адал азамат

«Charity Samruk Marathon – 2024» жобасы үздік қайырымдылық жоба атанды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Tru...
Экономика

Елордада тағы бір тұрғын алап табиғи газға қосылды

Бүгін Астанадағы «Тельман» тұрғын алабының жұртшылығы үшін қуанышты күн — аумақ та...
Халық және мемлекет

Қазақстанда соңғы 30 жыл ішінде орын алған ірі шахта апаттары

Қазақстанда соңғы 30 жыл ішінде 11-ге жуық ірі шахта апаттар орын алған. Ең көп апттар Қарағанды обл...
Экономика

Астанада жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған кезекті 8 тұрғын үй кешені аяқталады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жыл соңына дейін аяқталатын қ...
Халық және мемлекет

Аралас эстафета жарысында Швеция алтын медаль, Қазақстан 22-орында аяқтады

Жарыс бағдарламасының соңғы кезеңі – аралас эстафета болды. Қазақстан құрамасы, құрамына Арина...
Халық және мемлекет

Ақтөбе облысында медициналық қызметтер анықтамасы қымбат бағаға сатылған

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтард...
Кеше – бүгін – ертең!

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады. Осы мәселеге қатысты Мәжіліс заң жобасын бірінші о...
Саясат

Түркі елдерінің алғашқы бірлескен қаржы қоры құрылды

Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше басқарушы елдер кеңесінің (ТИҚ) алғашқы ұлықтау отырысы ө...