Ақтөбе облысында медициналық қызметтер анықтамасы қымбат бағаға сатылған

Халық және мемлекет
160
Malim.kz. Жансерік Күзембай

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

 Ойыл ауданында ақылы медициналық қызметтердің құны негізсіз қымбаттатылғаны анықталды. №073/е (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамалары (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған.

- Қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтердің негізсіз енгізілгені белгілі болды. Сонымен қатар, аурухананың қажетті диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауынан науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр, - делінген прокуратураның ақпаратында.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді.

Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданған.

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Халық және мемлекет

Аралас эстафета жарысында Швеция алтын медаль, Қазақстан 22-орында аяқтады

Жарыс бағдарламасының соңғы кезеңі – аралас эстафета болды. Қазақстан құрамасы, құрамына Арина...
Халық және мемлекет

Заң және Тәртіп: Прокурор Айжан Аймағанова «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын бастауға шақырды

Бүгін Астанада Қазақстан Халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Аналар форумы өтті. Осы жиынды прокуро...
Саясат

Әлия Назарбаеваға тиесілі зауыт сатылды

Қарағандыда бұрын Әлия Назарбаеваға тиесілі болған қоқыс өңдейтін зауыт 1,5 миллиард теңгеге сатылға...
Әлеумет

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген келіншек сот алдында жауап берді

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты со...
Әлеумет

Жыл басынан бері 203,7 млрд теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметт...
Жаһан және Қазақстан

Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді. Атырау облысының жедел...
Халық және мемлекет

Тоқаев ерекше балаларды қолдауға арналған заң әзірлеуді тапсырды

Президент жыл соңына дейін ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсететін заң әзірлеуді тапсырды. Бұда...
Кеше – бүгін – ертең!

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады. Осы мәселеге қатысты Мәжіліс заң жобасын бірінші о...