«Атырау толқындары» - аудиокеңістікте

Мәдениет
347
Атырау әкімдігі

Ақпараттық технологияның даму дәуірінде тыңдалатын кітаптардың үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлім. Аталмыш кеңістікте қазақ тілді аудиокітаптардың санын көбейтуді мақсат еткен жаңа жоба «Атырау толқындары» деп аталады. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан жоба Атырау өңірінен шыққан көрнекті ақын-жыраулар мен жазушылардың шығармаларын Яндекс порталының «Яндекс-кітаптар» платформасына орналастыруды көздейді.

    Қазан айының 18-і күні атыраулық оқырманға жобаның жалпы таныстырылымы болып өтті. Биылғы жылы отызға тарта аудиокітапты Яндекске орналастырылатын болады. Қазтуған Сүйінішұлы, Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Марат Отаралиев, Фариза Оңғарсынова, Табылды Досымов бастаған ақын-жыраулардың туындылары, Ә.Сәрсенбаев, Е.Домбаев, И.Жақанов, М.Құлкенов, Н.Қами, М.Мәжитов,Б.Сәрмекова секілді белгілі прозаиктердің шығармалары кәсіби студияда жоғары сапада жазылып, тыңдарманға жол тартты.

     Жоба жетекшілері Яндекс порталымен бес жылға келісім - шарт жасасты. Алдағы уақытта әдеби туындылардан бөлек, публицистикалық, танымдық дүниелерді қалың оқырманға таныстыру жоспарда тұр.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Мәдениет

Бостандық жырының бозжорғасы еді...

Не­сағаң арқасына ер батқасын болған қай­қаң жорға емес, ана тілінің уызына жарыған, ақындығ...
Мәдениет

Көзсіз әлемдегі шындық: «Құдай соқыр емес» спектаклі жайлы

Белгілі ғалым Бауыржан Ердембеков «Құдай соқыр емес» спектакліне өз пікірін білдірді. Ол...
Мәдениет

Өз биігіне көтерілген ақын

Қазақ әдебиетіне жасындай жарқ етіп құбылыс болып келген Төлеужан Ысмайылов туған ауылда туып, өлеңд...
Мәдениет

АҚШ-тан келген квартет қазақ әнін шырқады

21 маусым күні Астанадағы Арбат алаңында әйгілі Henhouse Prowlers өнер көрсетті. Олар блюграсс және...
Мәдениет

Дүйсен Қасейінов халықаралық ұйымға елші болды

Дүйсен Қасейіновті дәстүрлі музыка және би бойынша халықаралық ұйымының (ICTMD) халықаралық кеңесіні...
Мәдениет

Қазақстан Cirque du Soleil ұсынған OVO шоуының әлемдік гастрольдік турындағы 47-ші ел атанды

Астанада өткен Cirque du Soleil-дің әйгілі OVO шоуының премьерасы көрерменнің зор ықыласына бөленіп,...
Мәдениет

Hikmet Anil Oztekin. Бәріне құрметпен қараймын...

Кезінде бір-бірін қатты жақсы көріп үйленген, бірақ уақыт өте келе бір-бірімен түсінісе алмай жүрген...
Мәдениет

ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІММЕН КЕЛЕДІ

Марат АХЫЛБЕКОВ,МФО KMF банкінің Шымкент филиалының жетекшісі Халықтың несиеге деген көзқарасы...