Өз биігіне көтерілген ақын

Мәдениет
528
Ашық дерекөзден

Қазақ әдебиетіне жасындай жарқ етіп құбылыс болып келген Төлеужан Ысмайылов туған ауылда туып, өлеңдегі өз биігіне ұмтылған Бауыржан ағаның қашан да басқадан бәсі биік тұрады. Туған жер, өскен ел, адал достық, мөлдір махаббат, тылсым табиғат сырлары ақын өлеңдерінің негізгі өзегіне айналған.

Санаға сәуле төгіп, жүрекке жылу сыйлаған «Білте шамның жарығы» өткен күнге өзгеше жан бітіріп, кеудедегі сағынышты маздатқандай. Тапа-тал түсте қолына шам ұстап, адам іздеген Диоген сияқты Бауыржан аға да «Білте шамның жарығымен» бойымызда ұмытылып бара жатқан көп адамшылық қасиетімізді, ұлттық құндылықтарымызды қайыра бір еске салып, өлеңмен өрнектеп тұрған сияқты. 

Ақын рухының алтын бесігі – Шыңғыстау. Кеудесіне Абайдан ұшқын алған сөнбейтін сөз алауының отын жағып, келешекке кемел оймен тіл қатады. Хакім су ішкен Қасқабұлақ Бауыржан ақынның да жан сусатар қайнары. Қараша үйдің төрінде қияға қанат қаққан қиял әлемі, күллі тіршілікпен тілдесіп, көркем өлеңге айналғандай. Ақын жырларының ішінде тасқа тұнған тамшыдай тағдыры жатыр.

Бұл жинақты оқығанда жыр қайнарына қанып, Абыралының биігінен өзіндік табиғатымен ерекше бар қазақ даласына көз тастадым, әженің мейіріміне шомдым, әкенің қасиетін таныдым, ананың ыстық алақанын аңсадым. Елінің азаттығын ақ қарға жазған «Абыралы көтерілісіне» терең бойлап, Дегелең деген өр таудың кеудесінен жанын шығарған «Тамыздың жиырма тоғызына» лағынет айттым. Әміренің әнін естіп, Тәттімбеттің күйін тыңдадым.

Аққорада туып, Арқатта білім алып, арман қуып Алматыға аттанған ақынның бүгінде өз биігіне көтерілген қырандай алыстан үн қатқан шағы бұл. Тас бұлақтың суындай шымырлап өмірдің өзінен туған шынайы жырлар оқырманын терең ойға жетелейді. Қасиетті топырақта туып, сол даланың тарихын, күйініші мен сүйінішін өлеңмен өрнектеп, айрықша қолтаңбасын аңдатады.

Әдебиет алыптарының ақ батасын алып, поэзияда өзіңінің дара жолын қалыптастырған Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті ақын Бауыржан Жақыптың «Білте шамның жарығы» жыр жинағы Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа әбден лайық деп санаймын.

Арман Шеризат

ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лаураты

Оқи отырыңыз

Мәдениет

Hikmet Anil Oztekin. Бәріне құрметпен қараймын...

Кезінде бір-бірін қатты жақсы көріп үйленген, бірақ уақыт өте келе бір-бірімен түсінісе алмай жүрген...
Мәдениет

Жеңіс Қашқынов. Темеш-Дәмеш

Қазақтың зиялы ұл-қыздары, ерлі-зайыпты Темірбек Жүргенов пен Дәмеш Ермековаға ескерткіш...
Мәдениет

Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед)...
Мәдениет

27 ақпанда «Болмаған балалық шақ» фильмі экранға шығады

27 ақпаннан бастап «Болмаған балалық шақ» фильмі барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайд...
Мәдениет

Дүйсен Қасейінов халықаралық ұйымға елші болды

Дүйсен Қасейіновті дәстүрлі музыка және би бойынша халықаралық ұйымының (ICTMD) халықаралық кеңесіні...
Мәдениет

АҚШ-тан келген квартет қазақ әнін шырқады

21 маусым күні Астанадағы Арбат алаңында әйгілі Henhouse Prowlers өнер көрсетті. Олар блюграсс және...
Мәдениет

Ұстазын ұран еткен өр ақын

Жетпісінші жылдардың бас кезі болу керек, үйге Төкеңнің, Төлеген Жанғалиұлының әкесі Жәміш аға келді...
Мәдениет

Бостандық жырының бозжорғасы еді...

Не­сағаң арқасына ер батқасын болған қай­қаң жорға емес, ана тілінің уызына жарыған, ақындығ...