Мемлекет басшысы ресми сапармен Сингапурда жүр

Саясат
205

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен болады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Сингапурда Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Ресми келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санайды. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард доллардан асады.
Қазақстан Президентінің айтуынша, еліміз сенімді саяси диалогқа, қарқынды дамып келе жатқан сауда және инвестициялық байланыстарға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың мүлде жаңа кезеңіне жол ашуға ниетті.

Өз кезегінде Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді.

Кездесу барысында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Сингапурмен энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, қаржы технологиясы, агротехнология, логистика және байланыс секілді негізгі салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Президенттер өзара тиімді инвестициялық жобаларды ілгерілету, соның ішінде екіжақты қатынастардың құқықтық базасын нығайту арқылы күш-жігер біріктіруге уағдаласты.

Тараптар білім беру және адам капиталын дамыту бағыттарындағы ынтымақтасты жандандыру қажет деп санайды.

Оқи отырыңыз

Саясат

Әлия Назарбаеваға тиесілі зауыт сатылды

Қарағандыда бұрын Әлия Назарбаеваға тиесілі болған қоқыс өңдейтін зауыт 1,5 миллиард теңгеге сатылға...
Экономика

Елордада тағы бір тұрғын алап табиғи газға қосылды

Бүгін Астанадағы «Тельман» тұрғын алабының жұртшылығы үшін қуанышты күн — аумақ та...
Жаһан және Қазақстан

Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді. Атырау облысының жедел...
Саясат

Табиғи апаттың алдын алу. Малайзия тәжірибесімен бөліспек

Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетіл...
Саясат

Ернұр Бурахан ШҚО Ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады Қазақстан Республикас...
Саясат

«Айка тізімі»: эскорт қыздардың клиенттері жазалана ма

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізіміне» қатысты атышулы і...
Саясат

Елтаңба өзгермек

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауин елдегі елтаңбаны өзгеруге қатысты қоғамда айтылып жатқан дүр...
Кеше – бүгін – ертең!

350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты...