Қызылордада қайтыс болған оқушыға қатысты тың дерек шықты

Әлеумет
475
Бейнежазбадан

Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9 сыныптың оқушысы Ерасыл Төребай қайтыс болды,  деп хабарлайды madeniportal.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өліміне қатысты екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Марқұмның анасы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына берген сұхбатында ұлының жоғары сыныпта оқитын балалардан әлімжеттік көргенін айтып отыр. Сәуле Жақсылықованың айтуынша, ұлы өткен сенбіде кешке достарына барамын деп үйінен шығып кеткен. Сол кеште жоғары сыныптағы оқушылар өздерінен кіші балаларды жинап алып, әбден ұрып-соққан дейді. Ауыр соққыдан есінен танып құлаған бала көп ұзамай қайтыс болған.

Жалғыз ұлымнан айырды. Балалардың бәрін қатарынан тұрғызып қойып ұрған екен. Сонда балам «Ұрмаңдаршы, менің денсаулығым жоқ. Ұрмаңдаршы» деп өтінгеніне қарамаған, - деді Ерасылдың анасы.  

Сәуле Жақсылықованың айтуынша, бұған дейін де ұлы бірнеше рет таяқ жеген екен. Соны айтып мектеп директорына барғанда басын алып қашып, мектеп психологынан, басқа мамандардан сұра деп жіберген.

Ерасылдың өліміне күдікті ретінде 10 сыныптың екі оқушысы қамауға алынған.

Оқи отырыңыз

Әлеумет

Астанада тіршілікті қамтамасыз ету нысандары салынып жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында салынып жатқан тіршілікті қамтамас...
Кеше – бүгін – ертең!

Атырау мен Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Qazaq.t...
Әлеумет

Зейнетақы жинақтарымен ипотеканы өтеу: Өтінім қабылдау тоқтатылады

Қазақстанда зейнетақы жинақтары есебінен ипотеканы өтеуге қатысты жаңа шектеу енгізіледі. Отбасы бан...
Әлеумет

Астанада студенттер мен оқушылар бірігіп, иіссу өндіретін болды

Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы...
Кеше – бүгін – ертең!

Медициналық академия оқытушысы соққыдан қаза тапты

Оқытушыны көшеден өтіп бара жатқан адамдар ес-түссіз жатқан жерінен тапқан, деп хабарлайды  jan...
Әлеумет

Желіде жігіттің қызды тыржалаңаш қуып шыққан видеосы тарады

Көп қабатты пәтерлердің бірінде жігіт қызды көпшілік жүретін дәлізге тыржалаңаш қуып шыққан. Видеожа...
Медицина

Астанада Репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр

Елордада 12-18 мамыр аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Бұл апта Қазақстан Респуб...
Әлеумет

Елордада «Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтті

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жас отбасы-202...